Бүгін:
kz ru

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛЕПРА ТАРИХЫ

                                             

Қазіргі Қазақстан аумағында  лепра  ауруының кездескендігі туралы ең алғашқы деректі  неміс және орыс  энциклопедист-ғалымы, саяхатшы  П.С.Паллас (1741-1811) 1769 жылы  жазған. Ол бұл аурудың Орал  казактары  арасында  ұшырасқанын  айтады.

1927 ж.  1-ші Бүкілодақтық  жиында  С.М.Никоноров  Қазақстанда  лепрамен  ауыратын   науқастар  бар  екенін  алғаш рет баяндады.

1929 ж.  РСФСР  Халық комиссарлар  советінің  қаулысымен  Қазақстанда  лепрозория  ашылған.

Лепраға қарсы  күрестің  алғашқы  кезеңінде (1929-1950 жж.)  медицина қызметкерлерінің жетіспеуіне  және лепра  ауруының  арнайы  емі болмауына байланысты науқастарды оқшаулаумен шектелген. 

1950 ж. бастап  ауруды  емдеуде  сульфондық препараттар қолданылып, ол  өз  нәтижесін   берді. Сульфондық кезеңде (1950-1980 жж.) науқастар амбулаториялық емге шыға бастады,  лепраны емдеудің диспансерлік принциптері енгізілді.

1980 жылдардан бастап ауру анықталуының спорадикалық жағдайы қалыптасқан.

Қазіргі таңда лепрозорий лепраның алдын алу және арнайы емімен қатар лепра науқастарын оңалтумен (реабилитация), оларға хирургиялық, гинекологиялық, офтальмологиялық,  стоматологиялық, терапиялық, эндоскопиялық, жедел жәрдем және т.б. медициналық көмек, науқастардың кейбір санаттарына медициналық-әлеуметтік және әлеуметтік көмектің кейбір түрлерін көрсетумен айналысады. 

Қазақ республикалық лепрозорийінің жұмысы негізінде  150 ғылыми  еңбек жазылып, 4 докторлық және 9 кандидаттық  диссертация  қорғалған.

 

  






  


 

Қазақ республикалық лепрозорийінің негізгі ғимараты

  

 

 

 

 





 





Лепра бойынша 17 Халықаралық конгресс (Индия, Хайдарабад 2008 ж.)

 
 
















 









18-ші Бүкілдүниежүзілік конгресс. (Брюссель, Белгия. 2013 ж.)

   
 













 







«30 қаңтар - Дүниежүзілік лепра науқастарына көмек көрсету күні» аясында  өткізілген халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференция. (Қызылорда 2016 ж.)


 

  


  








 



1929-2016 жылдар аралығындағы аурушаңдық динамикасы

 

 

 

 


 
  




             

 

 

ҚР ДС Вице министрі  А.В. Цойдың «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ іс сапармен келген сәті

 

 

    

 

 






 








М.СЕЙТАЛИЕВ

 

«Диспансердің дара жолы» кітабынан, 2017 жыл. Қызылорда

 


  • 2 783