Бүгін:

ХАБАРЛАНДЫРУ


Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақ республикалық лепрозорийі"  мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 1 шілде мен 30 шілде аралығында, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңыныңа және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес, мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Ішкі талдаудың мақсаты – мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-шаруашылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оларды болдырмауға бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу.

Барлық мүдделі азаматтарды, қызмет алушыларды және серіктес ұйымдарды ішкі талдау процесіне белсенді қатысуға шақырамыз. Өз ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді келесі байланыс арналары арқылы жолдауға болады:

📧 Электрондық пошта: leprozorii@mail.ru
📞 Байланыс телефоны: 8 (7242) 301116
📍 Мекенжай: Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округі, Сарыбай қонысы, Құрылыс 2

Сіздің ұсыныстарыңыз мекемеміздің қызметіндегі ашықтық пен тиімділікті арттыруға септігін тигізеді.

Құрметпен,
ҚР ДСМ "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ әкімшілігі