Бүгін:
kz ru

ЛЕПРА КЕСЕЛІНДЕГІ КӨЗДІ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕСІ

Емделуші қаперіне


 

Лепра кеселінде көз бұлшықетінің әлсіздігіне және сезімталдығының жоғалуына байланысты көзді ашып-жұму қызметінің (жыпылықтаудың) тапшылығынан өзгерістер туындайды.

Дені сау адамда көздің жыпылықтауы көздің ылғалдануын және көз ортасының таза болуын қамтамасыз етеді. Жыпылықтау төмендегенде және көз қызарғанда мыналар ұсынылады:

- күнге қарсы бүйірінде шымылдығы бар қоңыр көзілдірік кию;

- шаңды кезде күндіз болса да көзді тығыз және жиі жұму;

- қастың тығыз түйісуі үшін көзді жоғары аударып, төңкеру;

- көзді таза ұстау, лас заттарды алып тастау және көзді лас қолдармен уқаламау.

 Көз зақымдануының алдын алу үшін:

- көзді жиі жұмыңыз. Қажет кезде таңғышты пайдаланыңыз. Егер көз жұқпаланса, іріңдесе, антибиотигі бар көз жақпа майын тек астыңғы қабаққа ғана жағып, көз алмасына тиіспеңіз.

Дерек ru_dvk_1995_23.pdf құжатынан алынып, қазақшаланды

Серікбай Смағұлұлы,

Арал-Қазалы лепродиспансерінің

эпидемиолог дәрігері

 Суреттер «Интернеттен» алынды
  • 638