Бүгін:
kz ru

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

МӘМС өмірімізге енеді дегенді естігенде көпшіліктің түсінігінде медицина саласы бойынша халыққа көрсетілетін қызмет бұдан былай жаппай ақылы негізде жүргізіледі деген пікір қалыптасқаны жасырын емес. Іштей қарсы болдық.Жүйенің бұрынғыша жалғаса бергенін қаладық. Медұйымдар,аурухана,емхана,амбулаториялар құрқол кісіні қабылдамайтындай, ауыра қалған жағдайда ақхалаттылардың алақанына шытырлатып ақша санап бермесек аурухана табалдырығынан аттай алмайтындай абыржыдық. Сөйтсек МӘМС жүйесі біз ойлағандай емес екен.Сақтандыру жүйесі міндеттеліп, жарнасына төлем енгізілгенімен барлық мед жүйе бұрынғыша жұмыс істеп, халыққа тегін қызметін бұрынғыша көрсетіп тұрғандай. Сөйтсек Мемлекет төмендегі санат бойынша азаматтардың сақтандыру қорына төлем жасап қойған деседі.
1) балалар;
2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
4) мүгедектер;
5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

 

https://osken-onir.kz/kogam/20449-mndett-leumettk-satandyru.html

  • 324