Бүгін:
kz ru

Маңғыстаудағы семинар

 


2018 жылдың 4 – 5 мамырында Қазақ республикалық лепрозорийінің бас дәрігері М.А.Сейталиев Маңғыстау облысында арнайы іс сапарда болды. Ол Ақтау қаласында облыстық тері-венерологиялық диспансерде облыс тері-венерологтарына және Жаңаөзен аудандық ауруханасында барша дәрігерлерге арнап "Лепра кеселінің эпидемиологиясы, этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, терапиясы және оның алдын алу" тақырыбында семинар-сабақ өткізді. Семинарға дәрігерлер зор қызығушылық танытып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап алды.

 
 С.Егіншібаев
  • 913