Бүгін:
kz ru

БҰЛ РАС ПА? ЕГДЕ АДАМДАРЫ ЖАСАРТУ ЖОЛЫ ПАЙДА БОЛЫПТЫ

 

Дәрігерлер кәрі адамдарды жастардың қанымен емдеудің жолын тапты, – деп жазды Sputnik.кз сайты life.ru.-ға сілтеме жасап.
Нью-Йоркте Ambrosia Medical емханасын ашу жоспарланып отыр. Мекеме мамандары түрлі аурудың алдын алу үшін егде жастағы адамдарға жастардың қанын құймақ. Бір процедура құны – 8000 доллар (шамамен 3 миллион теңгеге жуық). Медицина саласындағы бұл жаңашылдықтың авторы – Стэнфорд университетінің түлегі Джесси Кармазин.
Зерттеу нәтижесінде ол жасөспірімдер мен жастардың қаны қарт адамдардың денсаулығына оң әсер ететінін анықтаған. Кармазин негізін қалаған емхана 16-25 жас аралығындағы донорлардан қан жинап, оны 35 пен 92 жас аралығындағы пациенттерге құюды жоспарлап отыр.
Ambrosia Medical емханасын Нью-Йоркте жыл соңына дейін ашу көзделіп отыр. Емнің қымбат екеніне қарамастан, сауықтыру процедуралары үшін қазір 100-ге жуық адам кезекте тұр екен.
  • 794