Бүгін:
kz ru

1 қаңтардан денсаулық саласындағы 200 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі

  

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау саласының 191 мың қызметкердің жалақысы көтерілетін болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік ұйымдарда ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға қарамастан денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбекақысы аз лауазым санаттарының 191 мың жұмысшының жалақысын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көтереді. Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысшыларына жалақыны көтеруге арналған шығыстарға қажеттілік (еңбекақысы аз лауазым санаттары) - 27,2 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 25,8 млрд теңге «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шарттар шеңберінде медициналық қызметтердің барлық түрлеріне белгіленген бірыңғай тарифтер бойынша қаржыландырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар бойынша. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны көтеруге қаржыландыру «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу арқылы медициналық қызметтердің барлық түрлеріне арналған тарифтерді ұлғайту арқылы көзделген.
Медициналық қызметтерге арналған бекітілген тарифтердің негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық ұйымдармен 2019 жылға денсаулық сақтау саласының еңбекақысы аз жұмысшылар санаттарының жалақысын көтеруге шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді міндетті түрде қоса отырып, келісімдер жасалатын болады. Еңбекақысы аз лауазым санаттарына жалақыны төлеу мониторингісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жасалған келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізетін болады.

 
  • 817