Бүгін:
kz ru

Денсаулық сақтау министрі дәрігерлердің жалақысын атады

Қазақстанда дәрігерлер орташа есеппен 142 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалақыға қатысты айтар болсам, айлықтың өсу қарқынын байқап отырмыз. Өткен жылдың соңында тыңғылықты сараптама жүргізіп, барлық дерлік мемлекеттік ұйымдардан кім қанша ақшаны нақты қолына алатындығы туралы мәліметтер жинадық. 2018 жылы дәрігерлердің нақты қолына тиетін орташа жалақысы 142 мың теңгені құрады. Жыл сайын дәрігерлердің де, медбикелердің де жалақысында аздаған өсім бар», - деді министр.

Оның айтуынша, дәрігерлердің ішінде алғашқы шұғыл медициналық көмек көрсететін мамандардың жалақысы жоғары.

«Біз бұған қол жеткізуге тырысқан едік, алдағы уақытта да тырыса береміз. Алғашқы шұғыл медициналық көмек қызметкерлерінің жалақысы ең жоғары болуы тиіс деп есептейміз және денсаулық сақтау жүйесіндегі олардың рөлі барынша белсенді болуы қажет», - деді Е.Біртанов.

  • 935