Бүгін:
kz ru

Лепрозорий басшысы

Молдағали Ақбайнашұлы СЕЙТАЛИЕВ,

ҚР ДСМ «Қазақ республикалық лепрозорийі» РММ басшысы,

«ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі», 

«Алтын дәрігер» төсбелгілерінің иегері


М.А.Сейталиев 1964 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы «Қарашалаң» елді мекенінде туған. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «педиатрия», 2011 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

1992-1993 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында анестезиология-реаниматология саласынан интернатурадан өтті.

1993-2000 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасының реаниматолог-анестезиологы, қан құю бөлімінің меңгерушісі 2000-2003 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары, облыстық апат медицинасы орталығының директоры, 2003-2005 жылдары облыстық медициналық статистика және талдау бюросы директорының орынбасары, 2005-2010 жылдары ҚР ДСМ «Қазақ республикалық лепрозорийі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің эпидемиология бөлімінің меңгерушісі болды.

2010 жылдан бастап ҚР ДСМ «Қазақ республикалық лепрозорийі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері.

Қызмет істеген жылдары «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Алтын дәрігер» төсбелгілерімен, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің, облыс, қала әкімінің грамоталарымен марапатталған.

  • 2 327