Бүгін:
kz ru

БАҚҰЛ БОЛ, АРДАҚТЫ АҒА

Кеше медицина саласының ардагері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардақты әріптесіміз Қали Әбішев 80 жасында өмірден озды.

Қали Әбішев 1938 жылдың 15 қарашасында Арал ауданы, Сайғонды ауылдық кеңесі, «Ақжона» елді мекенінде дүниеге келген. 1966 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетін бітіріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жолдамасымен Арал-Қазалы лепродиспансеріне жұмысқа орналасқан. 1975-2005 жылдары Арал-Қазалы лепродиспансерінің меңгерушісі қызметін абыройлы атқарып, құрметті зейнет демалысына шыққан. Одан соң да осы саладан қол үзбей 10 жыл еңбек еткен.

Денсаулық саласындағы атқарған еңбектері бағаланып, «Тыл ардагері», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «КСРО денсаулық саласының үздігі» төсбелгісімен және бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ақыл-парасатымен және мейірімділігімен ұжымды біріктіріп, дәрігер ретінде жастарды тәрбиеге баулып, медицина саласының қыр-сырына үйретті. Халықтың ардақты перзенті Қали Әбішұлының өнегелі өмір жолы, денсаулық саласына сіңірген еңбегі мен оның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде ұзақ уақыт сақталатын болады.

Бақұл бол, ардақты аға, аяулы әріптес.

«Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ ұжымы.

  • 1 164