Бүгін:
kz ru

БАҚҰЛ БОЛ, АРДАҚТЫ АҒА!

Денсаулық саласына еңбегі сіңген ардагер дәрігер, Арал ауданының құрметті азаматы Сатыбалды Избайұлы Ильясов осы жылдың 13 қара­шасында 71 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Сатыбалды Избайұлы 1948 жылдың 1 шілдесінде Арал ауданы, Бөген елді мекенінде өмірге келген. Орта мектепті 1965­-1966 жылдары бітіріп, Бөген балық комбинатында жұмыс істеген. 1973 жылы Семей мемлекеттік медицина институтының «емдеу ісі» факультетін бітіріп, 1974 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен Арал аудандық ауруханасына хирург болып орналасқан. 1991 жылдан бастап Арал аудандық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері, 2002 жылдан құрметті зейнет демалысына шыққанша Арал-­Қазалы лепродиспансерінің

меңгерушісі қызметін абыройлы атқарды. Әрі қарай да қол үзбей осы салада өмірден озғанша еңбек етті.

Сатыбалды Изтайұлының денсаулық саласында атқарған еңбегі бағаланып «Денсаулық сақтау саласының үздігі», төсбелгісімен, бірнеше Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталған.

Ардақты ағамыз Сатыбалды Изтайұлының өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде ұзақ уақыт сақталады.

Бақұл бол, ардақты аға, аяулы әріптес.

 

«Қазақ республикалық әкімшілігі лепрозорийі» 

және ұжымы. МК

  • 1 313