Бүгін:
kz ru

63 жаспен құттықтау

Аса қадірлі Әбілмәжит Нысанұлы!

 Сіз осыдан тура алпыс үш жыл бұрын айдынды Арал өңірінде дүние есігін аштыңыз. Қызылорда медициналық училищесінен фельдшер, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтынан жоғары білімді дәрігер мамандығын игердіңіз. Бұл мекемеге келгенге дейін Қызылорда қалалық перзентханасында, медициналық қызметтің сапасын бақылау саласында абыройлы қызмет атқардыңыз.

Білікті дәрігер ретінде еңбегіңіз еленіп, марапаттарға бөлендіңіз. Сүйікті жарыңыз Гүлжихан Нысановамен бірге ұл-қыз өсіріп, олардан 5 немере сүйіп отырсыз. 

Құрметті Әбеке!

Лепрозорий ұжымы Сізді 63-ке келген кемел жасыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, әлі де денсаулық сақтау ісіне қосар үлесіңіздің мол екеніне сенеді. Сізге мықты денсаулық, бойыңыздағы жігердің әлі таусылмауына және балаларыңыз бен немерелеріңіздің бар қызығын сүйікті жарыңызбен бірге бөлісіп, көре беруіңізге тілектестік білдіреміз.

Құтты болсын, Әбеке, алпыс үшің!

Сарқылмай арта берсін қуат-күшің.

Ұжымдастар ақ пейілін алып келді.

Тойыңда бәрін тілеп, сенің үшін. 

Игі тілекпен:  

«Қазақ республикалық лепрозорийі» РММ ұжымы. (Басшысы: М.А.СЕЙТАЛИЕВ)

Қызылорда қаласы.  21 наурыз 2018 жыл.

  • 7 729