Бүгін:
kz ru

ЛЕПРАМЕН АУЫРҒАН НАУҚАСҚА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

 

Лепраның жұқпалы ауру екені баршаға мәлім. Оған шалдыққан ауру адам арнайы емдеу орынында – лепрозорийде емделеді. Бұл жерде оған білікті медициналық көмек көрсетіліп, қажетті ем-дом жасалады.

Науқас лепрозорийде емделгенде және амбулаториялық емделуге үйіне шығарылғанда оның жеке басына қатысты қатаң сақталуы тиіс бірқатар ережелер бар. Олар:

1. Медициналық және басқа да күтім жасайтын қызметкерлерге әдептілік таныту.

2. Ауруханада жатқан кезде ондағы режімді бұлжытпай орындау.

3. Суық тиюден сақтану.

4. Спирттік ішімдік ішпеу және темекі тартпау.

5. Дәрігер нұсқаған ем курсын толық қабылдау және өз бетінше емделмеу.

6. Өзіңізді жайсыз сезінгенде: бас айналып, бас ауырғанда, жалпы әлсіздікте, тәбет жоғалтқанда, жүрек айнығанда, құсуда және т.б. бұл жөнінде емдеуші дәрігерді хабардар ету.

7. Жақын контактта болған туыстарыңызды дәрігерге қаралуға үгіттеу. Өйткені қайталап ауыру осы адамдарда жиі кездеседі.

8. Ауру жұқтыру көзі болуы мүмкін адамдар туралы дәрігерге хабарлау.

9. Тазалықты мұқият сақтау, ретсіз қақырып, түкірмеу. Жеке бұйымдарды тек өзіңіз ғана пайдаланыңыз.

10. Жас балаларға жиі жақындамаңыз.

11. Бөлмені жиі желдетіп, таза ұстаңыз.

12. Таза ауада көбірек серуендеңіз.   

Серікбай Смағұлұлы,

Арал-Қазалы лепродиспансерінің

эпидемиолог дәрігері

Фотосурет iximus.net сайтынан алынды.

  • 344