Бүгін:
kz ru

Мерейтоймен құттықтау. Г.Р.Батпенова

Құрметті әріптестер!

 

Лепра, ол туралы б.э.д. 15-10 ғасырлардағы жазба көздерде еске салынатын ежелгі дерттердің бірі. Ғасырлар бойына лепраға шалдыққан сырқаттар туралы алып-қашпа әңгімелер, лепрадан қорқу (лепрофобия) және ауру адамдарды кемсіту (дискриминация) орын алды.

Дегенмен, жаны жұмсақ дәрігер Раул Фоллеро 1953 жылы өз бетінше бастама көтеріп, лепра науқастарына көмек қолын созу ізгілікті ісін бастады және оны әлемге таратты. Бұл күн жылма-жыл лепрасырқаттарына жәрдем күні болып аталып өтіледі.

Құрылғанына 90 жыл толып отырған Қазақ республикалық лепрозорийінің және ондағы қызметкерлердің еліміздегі лепра ошақтарын жою, аталған дертті толастату бағытындағы еткен еңбектері мен төккен терлері орасан зор. Ұжымның осы тарихи жолды қағаз бетіне түсіріп, келешек ұрпаққа жазба ескерткіш – арнайы кітап жазып қалдыруын өз басым қатты қадірлеймін.

Мерейтойларыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.

 

Игі ниетпен:

 

Гүлнар Рыскелдіқызы БАТПЕНОВА,

ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас дерматологы, «Астана Медициналық Университеті» АҚ иммунология курсымен бірге дермато-венерология кафедрасының меңгерушісі, «Дермато-венерологтардың және дермато-косметологтардың Қазақстандық Қауымдастығы» бірлестігінің президенті, Дерматология мен Венерологияның Европалық Академиясының мүшесі, Халықаралық Дерматология Қоғамының мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор  

  • 1 464