Бүгін:
kz ru

Денсаулық сақтау саласында ашық жариялануы тиіс деректер тізімі бекітілді

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Ашық деректердің интернет-порталында орналастыруы тиіс деректердің тізбесі бекітілді. Бұйрық мәтіні баспасөзде жарияланды және жарияланған алғашқы күннен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұйрыққа сәйкес, бұдан-былай Ашық деректердің интернет-порталында: облыстар, Астана мен Алматы қалалары бойынша ана мен бала өлімінің статистикасы, медициналық ЖОО-лардың түлектерін жұмысқа орналастыру туралы деректер, халықтың медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесі бойынша ақпараттар, бюджет қаражаты есебінен шетелде емделуге болатын аурулардың тізімі, медициналық ұйымдардың аккредитациядан өту қорытындысы, әлеуметтік маңызды аурулар және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі, Қазақстан Республикасына шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуіне тыйым салатын аурулар тізбесі, мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулардың тізбесі ашық жарияланатын болады.

 

Халыққа қолжетімді болатын деректердің тізбесіне барлығы 64 атау енгізілген.

 
  • 728