Бүгін:
kz ru

ЕЛ МЕДИЦИНАСЫ ЖӘНЕ «ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрақты экономикалық өсімге жетуге, экономика мен ұлттың бәсекелестігін арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жету үшін цифрлық экожүйені прогрессивті дамыту.

Ал еліміздің денсаулық сақтау ісіндегі цифрландыру оның басым міндеттерінің біріне айналды. Бұл мәселенің өзектілігі азаматтардың сапалы медициналық қызметке деген сұранысының артуынан туындады.

Медицинадағы цифрландырудың көмегімен төмендегі бірқатар жаңа процесстер интеграцияланды. Атап айтқанда:

- Денсаулықтың электрондық төлқұжаты;

- Қағазсыз ауруханаларға көшу;

- Мобилдік цифрлық қосымшалар;

- Нақтылаудың (диагностиканың) алыс (дистанциялық) тәсілі және т.б.

Облысымызда 2018 жылдың наурыз айынан бастап пилоттық режімде мобилді қосымша енгізілді. Оның игілігін кейбір облыс тұрғындары сол кезден бастап көруде. Аталған қосымша бала босануға дейінгі және патронаждық қарау тарихын, баланы туғанынан бастап үш жасқа дейінгі бақылауға, отбасы үшін тұрмыстық және әлеуметтік жағдайлардың қаупін қадағалауға, жүкті әйелдердің денсаулығына туар қауіпті анықтауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау Министрлігінің ақпараттық жүйлерінің бірі ретінде ауруханаға немесе емханаға бекітілген тұрғындардың регистрін айтуға болады. Мұнда облыс емдеу мекемелерінде тіркелген барлық тұрғындардың деректер базасы жинақталған.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесі кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде амбулаториялық науқастарды тегін дәрілік бұйымдармен қамтамасыз етуді қадағалауға және тіркеуге арналған.

Бүгінде мобилдік қосымша арқылы қалаған емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және с.с. медициналық қызметтерді цифрлы жолмен алу күнделікті дағдыға айналды.

Қазақ республикалық лепрозорийінде де еліміздің «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі талаптарын орындау үшін қажетті шаралар атқарылуда.    

 

Фотосурет Liter.kz сайтынан алынды.

Мәжит НЫСАНОВ,

«Қазақ республикалық лепрозорийі»

ММ бас дәрігерінің емдеу ісі

бойынша орынбасары 
  • 1 608