Бүгін:
kz ru

ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ

24-30 сәуір аралығында өңірде «Алдын ал, сақтан, егіл!» ұранымен иммундау апталығы өтеді. Соңғы он жылда үздіксіз өтіп келе жатқан шара екпеден қалып қалғандардың қайта екпе қабылдауына мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

– Иммундау апта­лы­ғы­ның мақсаты – аза­мат­тардың жасына және егі­луге тиісті екпелер түріне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы жоспарлы алдын ала егу шараларымен қамту. Аталған шара тұрақты ем­ханаға қарасты және тір­келмеген, тұрақты тұр­ғы­лықты мекен-жайы жоқ азаматтарға, олардың бала­ларына, ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес облыс төңірегіндегі барлық емханаларда жүргізіледі. Профилактикалық ек­пе­лер­ді арнайы егу бөлме­ле­рінде жыл сайын оқу­дан өткен, аттестация нәти­же­сімен рұқсат алған аяжандар егеді. Бұл ретте 312 дәрігер, 1323 орта буынды медицина қызметкерлері бі­ліктіліктерін ­арттырды. Қа­зір барлық емдеу меке­мелері дайын, екпелер тү­гел, жетіспеушілік жоқ, – деді Ә.Мүтәліпқызы.

Жалпы еліміз бойынша жұқпалы аурудың 21 түріне қарсы екпелер жүргізіледі. Олардың барлығы талапқа сай, тексерістен өткен. Сон­дықтан күдіксіз қа­был­дай беруге болады. Десе де, биыл облыста қызылша ауруымен тіркелгендер де кездесті. Мұның себебін де­партамент басшысы екпе қабыл­дама­ғанның әсері екен­дігін айтты.

– Екпе алу – адамды жұқпалы аурудан қор­ғай­тын бірден-бір шара. Соңғы уақыттарда аймақта екпенің арқасында көптеген аурулар деңгейі төмендеді. Дегенмен, биыл қызылша ауруы­мен тұрғындар тіркелді. Осы аурудың 83 проценті егілмегендер арасынан шық­қан. Бүгінде діни себептерге байланысты да екпеден 101 адам бас тартуда. Оның 76 проценті 2 жасқа дейінгі балалар. Бұлармен арнайы жұмыстар жүргізілуде. Біз өңір тұрғындарынан осы ап­талық уақытында тиісті егумен қамтылуын сұрай­мыз, – деді облыстық қо­ғамдық денсаулық сақтау де­партаменті басшысының мін­детін атқарушы Әлия Әб­діқайымова.

Мейрамгүл Дауылбайқызы,

"Сыр бойы"

https://syrboyi.kz/zedelnews/29527-immundau-aptalyy.html

  • 616