Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі
Kyzylorda-news.kz. Елімізде медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Біржан Елтанов айтты.
«Халықаралық практикаға сәйкес медициналық көмектің жоғары сапасына қол жеткізу тәсілдері қайта қаралды. Медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі, атап айтқанда алғашқы, екінші, үшінші жүйесі белгіленеді. Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделі енгізіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және және ерікті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек көлемін айқындау бойынша нормалар регламенттелді. Диспансеризацияның ауруларды басқару бағдарламасына өту қарастырылады», - деді ол Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясын таныстыру барысында.
Оның атап өтуінше, қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында медициналық көмек көрсетуді стандарттаудағы бірыңғай тәсіл, транспланттау институтын жетілдіру, медициналық көмек көрсету саласында мемлекеттік бақылауды күшейту көзделеді.
«Көрсетілген түзетулерді қабылдау нәтижесінде медициналық көмек неғұрлым қолжетімді, оның ішінде ауылдық жерлерде қолжетімді болады. Алғашқы медициналық көмек сапасы артады. Медициналық қызмет көлемдерінің шекаралары түсінікті болады. Инфекциялық емес негізгі ауруларды басқару сапасы артады. Сонымен қатар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бақылау күшейтіледі», - деді Елжан Біртанов.
https://syr-media.kz/news/12793-elmzde-medicinaly-kmek-krsetud-sh-degeyl-zhyes-engzled.html