Бүгін:
kz ru

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күні

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

облыс әкімі 

Қадірлі мейірбикелер!

Сіздерді мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке 1971 жылы Халықаралық мейірбикелер кеңесінің шешімімен осы саланың негізін салушы, ағылшын мейірбикесі Флоренс Найтингейлдің құрметіне туған күнінде - 12 мамыр болып белгіленгені белгілі.
Ұлт саулығы - мемлекеттің негізгі капиталы десек, сол баға жетпес қазынаны қызғыштай қорып жүрген Сіздердің еңбектеріңіз қашанда жоғары бағаланады.
Біздің әрқайсымыз үшін өзіміздің, туған-туыстарымыздың өмірі мен денсаулығынан артық бағалы құндылық жоқ.
Бүгінгідей әлемді жаулаған індетпен күресуде мейірбикелер қызметін ерекше атап өткім келеді.
Өзінің емес, өзгенің денсаулығын ойлап, күн-түн демей қызмет етіп жүрген барша мейірбикелердің еңбегіне ризашылығымды білдіремін.
Сіздердің адал еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңізге баршамыз куәміз. Алайда, бұл қауіпті вирус әлі де толық күшін жойған жоқ, сол себепті, босаңсуға жол бермей, әрі қарай да күресуді жалғастыруымыз қажет.
Бүгінгі күні облыс көлемінде 8724 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында өңірімізде мыңдаған адам түрлі індеттерден айығып, отбасына қуаныш әкелуде.
Мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, күш-жігер, отбастарыңызға құт-береке, айналаңызға амандық тілеймін!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым нәтижелі болсын!
Біз біргеміз!

МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІМЕН!



Медицина саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы мейірбикелердің еңбегі ұшан теңіз.
Мейірбике – білімімен, шеберлігімен, ісімен жан-жақты, мейірімділік көрсете білетін ерекше мамандық иесі. Науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі қашанда құрметті.
Медициналық көмек көрсетудің тиімділігі көп жағдайда мейірбике жұмысына тікелей байланысты.
Міндеттерін адал атқарып жүрген мамандарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз.
Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.
Ұлт денсаулығын нығайту жолында халықтың қошеметіне бөленіп, бірлесіп еңбек ете берейік!

Құрметпен,
Жақсылық Әбілқасымұлы АБДУСАМЕТОВ,
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы

  • 1 037