Бүгін:
kz ru

Ажар Ғиният Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақ республикалық лепрозорийі" мемлекеттік мекемесі жұмысымен танысты.

       

    Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында 75 төсек-орынға есептелген Қазақ республикалық лепрозорийдің жұмысымен танысты.Бүгінде бізде лепрамен ауыратын 50 науқас емделуде.

    Министр ауыр жұқпалы ауруды емдеу әдістерін жетілдіру,науқастарды әлеуметтік оңалту мәселелеріне қызығушылық танытты.

    Лепрозорий ұжымында 12 дәрігер,36 орта буын медицина қызметкері,барлығы 185 қызметкерн жұмыс жасайды.

    Лепра Қазақстанда халық денсаулығының проблемасы болып табылмайды.2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бізде 381 науқас есепте тұрады.Бірақ соңғы 10 жылда елде бұл дерттің 5 жағдайы жаңадан, ал тағы 5-і қайталанумен анықталды.Жекелеген эндемиялық өңірлерде науқастардың жеткілікті саны шоғырланған (барлық санның 80 пайызы).Сондықтан бұл қиын инфекцияны толығымен жою туралы айту әлі ерте.

    Мамандандырылған біздің мекемедегі науқастарға зертханалық диагностика, физиотерапия, оңалту, массаж сияқты барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты,дәріхана бар.

    Лепра (Ханзен ауруы,ескірген атауы-алапес)- терінің жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының, перифериялық жүйке жүйесінің,тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың әртүрлі клиникалық көріністерімен сипатталатын лепра микобактериялары тудыратын адамның созылмалы жұқпалы ауруы.Кеш диагноз қойылған және уақытылы емделмеген жағдайда ауру ауыр мүгедектікке әкеледі.

 

Пікір қалдыру

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив