ЛЕПРАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ. ДИАГНОСТИКАЛАУ, ЕМДЕУ МЕНПРОФИЛАКТИКА ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Бұл мақалада лепраның өзекті мәселелері, нақтылау, емдеу және алдын алу әдістері баяндалады.
Лепра (син: Ханзен кеселі, Хансеноз, Хансениоз, ескірген атауы – пес) – лепра микобактериялары шақыратын адамның созылмалы жұқпалы дерті. Бұл кесел клиникалық біліністері бойынша терінің, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының, шеткі (перифериялық) нерв жүйесінің, сүйек-бұлшық ет аппаратының және ішкі ағзалардың гранулематоздық зақымдануымен сипатталады. Кеш нақтылау (диагностикалау) жағдайында (ем дер кезінде басталмағанда) кесел ауыр мүгедектікке жетелейді.