Бүгін:
kz ru

Мерейтоймен құттықтау. Е.Мырзахметов

Аса құрметті әріптестер!


Қазақ ұлтының тарихында бұрын-соңды болмаған, есесіне өз іргесі қаланғаннан бері 90 жыл бойы Кеңес Үкіметі ғана емес, бүкіл дүниеге аса ірі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танылған даңқты Қазақ  республикалық лепрозорий ұжымын төл мерейтойымен құттықтаймын!

Қазақстан халқының денсаулығының сақшысы ретінде қиындығы мен күрделілігі тұрғысынан кез-келген басқа ауру түрлерінен оқшау, әрі қауіпті сырқаттарды емдеп жазуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, нағыз ерлікке парапар еңбектеріңіздің табысты нәтижелеріне бұдан да әрі қол жеткізе берулеріңізге тілектеспін.

Халықтың құрметі мен ризашылығы сіздерге дем беріп, абырой-атақтарыңыз асқақтай түссін.

Бәріңізге мықты денсаулық пен халық игілігіне арналған мұрат-мақсаттарыңыздың орындалуын Алла нәсіп етсін!

Мен сіздердің кәсіби, адами, таза жүректен шығып жататын асыл қасиеттеріңізді өмір бойы құрметтеп өтемін.


Әріптестеріңіз: Ержан МЫРЗАХМЕТОВ

медицина ғылымдарының докторы, профессор

  • 1 491